Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі ауысты

Опубликовано:

Тимур Қарағойшин
Тимур Қарағойшин. Фото: t.me/KZgovernment

Тимур Қарағойшин Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Primeminister.kz ресми сайты мәліметінше, Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы бастаған.

1985-1991 жылы — жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы қызметінде болды.

1991-1994 жылы — "Сәулет" Фурманов шағын кәсіпорны, Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының директоры болды.

1994-1996 жылы — БҚО Жалпақтал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары болған.

1996-2001 жылы — "Оралавтожол" қазыналық кәсіпорнының бас маманы, директордың жол қоры бойынша орынбасары қызметін атқарған.

2001-2002 жылы — ҚР Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры болған.

2002-2005 жылы — БҚО бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы басшысының м. а., басшысы, директордың орынбасары; Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры болды.

2005-2007 жылы — Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

2007-2008 жылы — "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ филиалының директоры, жобалау және күрделі құрылыс дирекциясы.

2008 жылғы қазан-қараша аралығында — БҚО әкімінің кеңесшісі болды.

2009-2010 жылы коммерциялық ұйымды басқарған.

2011 ж. қаңтар-шілде аралығында — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі болды.

2011-2013 жылы — Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2013 жылғы сәуір-қараша аралығында — ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы болған.

2013-2016 жылы — "Мемсараптама" РМК бас директорының бірінші орынбасары; бас директорының м. а.

2016-2021 жылы — "Мемсараптама" ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарған.

2023 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – Қазақстанның бас мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметін атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031540-elimizde-industriya-zane-infraqurylymdyq-damu-vice-ministri-auysty/

pixel