Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана көшелерін су басты: Elorda eco system директоры қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Тимур Шоданов
Тимур Шоданов. Фото: elordaecosystem.kz

Қаланың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін Elorda eco system директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Әкімдіктің хабарлауынша, отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Elorda eco system алдына жер үсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылған: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б.

"2023 жылы жер үсті ағын суын бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр. Мәселен, осыған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су тасқыны мәселесі шешілген болатын", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жексенбі, 6 тамызда елордада бұршақпен бірге қатты жаңбыр жауып, салдарынан Астана көшелерін су алғаны туралы жазған едік.

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан көшелер мен жолдарды су басқан, соның салдарынан тіпті автобустар да шалшыққа батты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031558-astana-koselerin-su-basty-elorda-eco-system-direktory-qyzmetinen-bosatyldy/