Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда теміржол саласындағы бірқатар компания мемлекет меншігіне қайтарылады

Жарияланған күні:

Теміржол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда теміржол тасымалы және денсаулық сақтау саласындағы кейбір кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қаралды. Бұл туралы үкіметтің ресми primeminister.kz сайты хабарлайды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министрге теміржол инфрақұрылымының бірқатар нысанын мемлекет меншігіне қайтару барысы туралы баяндалған, оларды бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы мәміле сот тарапынан жарамсыз деп танылған.

"Атап айтқанда, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері анықталған. Тергеу органдары қылмыстық іс аясында түпкілікті процессуалдық шешім қабылданғанға дейін ҚТЖ басқармасына бере отырып, активтерге тыйым салды. Мүлік кешенін қорғау қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Премьер-министр республиканың басқа өңірінде ұқсас нысандар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырып, тиісті кәсіпорындар қызметкерлерінің барлық технологиялық процесі мен қызметін сақтаудың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар отырыста денсаулық сақтау саласындағы ұйымды республика меншігіне қайтару мәселесі қаралды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша активті басқаруды өз мойнына алған жекеменшік компания ұзақ уақыт бойы өз функцияларын орындамай келген және келісілген инвестициялық бағдарламаның шарттарын бұзған", - деп атап өтілген хабарламада.

Еске салсақ, 2022 жылы наурыздың соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкімет жанынан Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қаржылық мониторинг, бәсекелестікті қорғау және дамыту ведомстволарының бірінші басшылары, үкімет мүшелері, Бас прокуратура мен "Самұрық-Қазына" АҚ өкілдері кірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031683-qazaqstanda-temirzol-salasyndagy-birqatar-kompaniya-memleket-mensigine-qaitarylady/