"Халық сүйіктісі": Ержан Темірханов Саран қаласының әкімі қызметінен кетті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағанды облысы Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов қызметінен кетті. Бұл туралы "Вечерняя Караганда" басылымы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Темірханов журналистерге берген жауабында оның еңбек шарты аяқталып, кадрлық резервке ауысқанын айтты.
Басылымның хабарлауынша, Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып Алмаз Сүлейменов тағайындалды.
Бұл ретте жазбаның астында пікір қалдырғандар әкімнің ауысуына наразылық білдіруде. Олардың басым бөлігі Темірханов әкім қызметін атқарған кезде қала өзгергенін айтады.
"Еңбегіңізге берілген ең жоғары баға - еңбегіңіз сіңген қала тұрғындарының алғысы! Жақсы із қалдырды, керемет адам", "Лауазымын көтеру керек, жалғыз ғана адал әкім", "Қандай өкінішті... енді ондай әкім болмайды", "Өкінішті-ақ! Бәрін өзі реттеп тұрған", – деп жазады желі қолданушылары.
Айта кетейік, Саран қаласы әкімдігінің ресми сайтында қала әкімінің ауысқаны туралы ақпарат жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031751-xalyq-suiiktisi-erzan-temirxanov-saran-qalasynyn-akimi-qyzmetinen-ketti-video/