jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Халық сүйіктісі": Ержан Темірханов Саран қаласының әкімі қызметінен кетті (видео)

    Ержан Темірханов
    Ержан Темірханов. Фото: gov.kz

    Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов қызметінен кетті. Бұл туралы "Вечерняя Караганда" басылымы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

    Темірханов журналистерге берген жауабында оның еңбек шарты аяқталып, кадрлық резервке ауысқанын айтты.

    Басылымның хабарлауынша, Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып Алмаз Сүлейменов тағайындалды.

    Бұл ретте жазбаның астында пікір қалдырғандар әкімнің ауысуына наразылық білдіруде. Олардың басым бөлігі Темірханов әкім қызметін атқарған кезде қала өзгергенін айтады.

    "Еңбегіңізге берілген ең жоғары баға - еңбегіңіз сіңген қала тұрғындарының алғысы! Жақсы із қалдырды, керемет адам", "Лауазымын көтеру керек, жалғыз ғана адал әкім", "Қандай өкінішті... енді ондай әкім болмайды", "Өкінішті-ақ! Бәрін өзі реттеп тұрған", – деп жазады желі қолданушылары.

    Айта кетейік, Саран қаласы әкімдігінің ресми сайтында қала әкімінің ауысқаны туралы ақпарат жоқ.

    "Халық сүйіктісі": Ержан Темірханов Саран қаласының әкімі қызметінен кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.