Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Екібастұз тұрғынының өтінішін орындады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз тұрғындарымен кездесті. Ол тұрғындардың бірінің өтінішін орындады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында хабарлады.

Руслан Желдібай кеше президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтініш айтқанын еске салды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды. Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады.

Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды", - деп жазды Желдібай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031956-toqaev-ekibastuz-turgynynyn-otinisin-oryndady/

pixel