Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында "Ауыл аманаты" жобасы қарқынды жүріп жатыр

Опубликовано:

"Ауыл аманаты" жобасы
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Ақтөбе облысына сапары барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру туралы егжей-тегжейлі баяндады.

"Ауыл аманатын" іске асыру ауылдарды сақтап қалуға және халықтың қалаға көші-қонын қысқартуға, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты азайтуға, халықты сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ауқымды жоба екенін атап өтті, Ералы Тоғжанов.

"Ауыл аманаты" жобасы
Фото: Акимат Актюбинской области

Жобаның тиімді шарттарының бірі - кредиттері бар және аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тауарлық кредит беру тетігі болып отыр.

Ауыл Аманаты
Сүрет: Акимат Актюбинской области

Ерекшелігі — бюджет қаражаты жұмсалмайды. Кепіл қажет емес, пайыздар жоқ.

"Ауыл аманаты" жобасы
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қарызды төл есебінен жабады. Республика бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған бірегей жоба аясында, 1300 ауыл тұрғынына саны 4 580 бас болатын тауарлық несие түрінде мал берілді.

"Ауыл аманаты" жобасы
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

"Ауыл аманаты" жобасын іске асыру тәжірибесі барлық өңірге кеңінен таралуға тиіс. Биыл оған 100 млрд теңге бөлінді. Соның есебінен ауылда кәсіпкерлік бастаманы қолдау жоспарланып отыр. Келесі жылы тағы 100 млрд теңге бөлеміз. Жобаның арқасында ауылдық елді мекендерде өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсармақ. Ақтөбе облысы – жобаны іске асыру бойынша жетекші өңірлердің бірі. Осы қарқынмен бұл жұмысты жалғастыру қажет", — деді Әлихан Смайылов.

"Ауыл аманаты" жобасы
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2032100-aqtobe-oblysynda-auyl-amanaty-zobasy-qarqyndy-zurip-zatyr/

pixel