Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Қазақстанның Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы елшісі Барлыбай Садықов Қазақстанның Кения Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
- Асқар Әбдірахманов Париж қаласындағы (Француз Республикасы) Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Қазақстанның Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2032425-toqaev-birqatar-kadrlyq-auys-tuiis-zasady/