Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазМұнайГаз" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

Опубликовано:

Ернат Бердіғұлов
Ернат Бердіғұлов. Фото: t.me/samrukazynaofficial

Бүгін ҚМГ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы қызметінен кетіп, орнына Ернат Бердіғұлов сайланды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Ернат Бердіғұлов директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

"Экс-басшы және тәуелсіз директор Кристофер Уолтон компанияның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, директорлар кеңесінің құрамынан шықты", – делінген хабарламада.

Қор мәліметінше, 2010 жылы Ернат Бердіғұлов "Болашақ" бағдарламасы бойынша Торонто университетінде (Канада) Мемлекеттік саясат және халықаралық зерттеулер бакалавры дәрежесін, 2018 жылы Уорвик университетінде (Ұлыбритания) Бизнесті басқару магистрі дәрежесін алған.

Сондай-ақ ол 2023 жылы Гарвардтағы іскерлік мектебінде (АҚШ) Көшбасшылықты дамыту бағдарламасынан өтті.

Бұған дейін ол Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясында жоба менеджері, "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрландыру бойынша тең басқарушы директоры болып жұмыс істеген. Бүгінде ол Қордың стратегия және активтерін басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарып жатыр.

Сая Найманбайқызы
Сая Найманбайқызы. Фото: t.me/samrukazynaofficial

Сонымен қатар бүгін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысында Сая Мыңшәріпова тәуелсіз директор болып сайланған.

Сая Найманбайқызы – Institute of Directors (Ұлыбритания) сертификатталған тәуелсіз директоры, аудитор, Қазақстан Республикасының 1 санаттағы салық кеңесшісі.

1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, 2010 жылы М.Ю.Ломоносов (Executive MBA) атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жоғары іскерлік мектебін бітірген.

Бұған дейін ол АХҚО Әкімшілігінің Салық саясаты департаментінің директоры, "Қазақстан инжиниринг" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Самұрық-Қазына" АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған.

ҚМГ ресми сайтының хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ 2002 жылы құрылған және Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мүддесін қорғайды.

Бұл акционерлік қоғам "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы мен "Мұнай және газ тасымалдау" ұлттық компаниясының бірігуі нәтижесінде құрылған. Компанияның мемлекетке тиесілі үлесі 100 пайызды құрайды.

ҚМГ Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы ұлттық деңгейде көшбасшы және көмірсутегін барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және т.б. қызметтерді көрсетуге дейінгі барлық өндірістік үдерістің активтерін басқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2032443-qazmunaigaz-kompaniyasynyn-direktorlar-kenesinin-toragasy-auysty/

pixel