Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Владимир Путинге көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 15 тамызда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, Дағыстанның астанасы Махачкаладағы жанармай құю бекетінде кеше, сағат 22:00-де жарылыс болды. Бастапқыа автосервис ғимараты жанған, содан кейін өрт жанармай бекетіне өткен. Артынша бекетте газ-ауа қоспасы жарылған. Қызыл жалын жарылыстан кейін 4 сағат өткен соң сөндірілген.

Бастапқыда БАҚ жарылыстан 25 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Дегенмен, "Интерфакс" басылымының жазуынша, көз жұмғандар саны 27 адамға жетті, оның ішінде 3 адам бар. Тағы 60-тан астам адам жарақат алды.

РИА Новостидің хабарлауынша, бүгін, 15 тамызда Дағыстанда қаралы күн жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2032519-toqaev-vladimir-putinge-konil-aitty/

pixel