Тоқаев белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады (фото)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында еліміздегі кинематография саласын дамыту перспективалары, креативті индустрия мамандарын оқыту, отандық киноконтенттің көлемін ұлғайтуға жағдай жасау және кинематографистерді қолдау мәселелері талқыланған.
Тимур Бекмамбетов дәстүрлі мамандық иелерін (ұстаздар, әртістер, суретшілер және тағы басқалары) цифрлық креативті индустрияға қажетті мамандықтарға қайта даярлау жөніндегі жобаны өзге елдерде жүзеге асыру тәжірибесін бөліскен.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланың дамуына жағдай жасап, шетелдік мамандарды тартуға мүмкіндік беретін "Кинематография туралы" заңның маңызды рөлін атап өткен.
Сонымен қатар мемлекет басшысы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық кино индустриясын жаңғырту қажет екеніне баса назар аударды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2032547-toqaev-belgili-kinorezisser-timur-bekmambetovti-qabyldady-foto/