Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Президент мырза, мен кездесуге кешігіп қалдым": оқушы өзінің жасаған қолөнерін Тоқаевқа сыйлады (видео, фото)

Опубликовано:

Оқушының Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық беріп тұрған сәті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен бала. Видеодан кадр: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысының Алматыға іс-сапары кезінде үшінші сынып оқушысы президентке өзінің қолөнерін сыйға тартқан. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге кешігіп қалғанын айтып, әкесі екеуі жасаған жұмыс үстеліне арналған органайзерін мемлекет басшысына сыйлаған.

"Президент мырза, мен кездесуге сәл кешігіп қалдым. Мынау сізге сыйлық жұмыс үстеліне арналған органайзер", деді оқушы.

Мұғалімдердің сөзінше, бала бұл органайзерді 3D принтерде жинап құрған – бұл оның ғылыми жобасы. Сәлім өзінің қолөнері қаншалықты пайдалы екенін айтты.

"Әдетте партада үнемі мектептің керек-жарақтары шашылып жатады, ал адам оларға алаңдайды және жинауға уақыт таппайды. Сондықтан әкем екеуміз осындай органайзерді жасап шығардық, мен оны бүкіл сынып үшін де басып шығардым", деді бала сыйлығын президентке ұсына отырып.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды.

"Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды", делінген хабарламада.

Президенттің баспасөз қызметі ақпаратынша, Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінетіні атап өтілді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекет басшысына жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033052-prezident-myrza-men-kezdesuge-kesigip-qaldym-oqusy-ozinin-zasagan-qolonerin-toqaevqa-syilady/

pixel