Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы жақын күндері Вьетнамға ресми сапармен барады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы 20-22 тамыз күндері Вьетнам астанасы Ханойға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Ханойға Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен бара жатыр.

Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады, деп күтілуде.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033138-memleket-bassysy-zaqyn-kunderi-xanoiga-resmi-saparmen-barady/