Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіздердікі дәмдірек": ШҰАА партком хатшысы Ма Синжуй қазақстандық балмұздақтың сапасына таңғалды

Опубликовано:

Ма Синжуй и Серик Жұманғарин
Ма Синжуй и Серик Жұманғарин. Фото: gov.kz

China EXPO көрмесінде Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй Қазақстанда өндіріліген балмұздақтан дәм татты. Іс-шарадан түсірілген видео Instagram-дағы sinegor.kz парақшасында жарияланды.

Көрмеге еліміздің вице-премьер-министр Серік Жұманғарин де келген. Ол Ма Синжуйді Қазақстанда өндірілетін балмұздақтан дәм татуға шақырған.

"Дәм татып көрдім, маған ұнады. Сапасы жоғары. Осы балмұздақты Шыңжаңда шығара аласыз ба?" – деп сұрады Ма Синжуи балмұздақ өндіруші қазақстандық компания өкілдерінен.

Компания өкілі жауабында балмұздақ жасау үшін тек табиғи шикізат пайдаланылатынын атап өткен.

"Біз өте танымал балмұздақ шығарамыз, оған жұрт кезекке тұрады. Адамдар аталған брендті сатып алу үшін бір-екі сағат тұруға дайын. Мен оның дәмін таттым, бірақ сіздердің балмұздақтарыңыз жақсырақ, дәмдірек" - деді қытайлық саясаткер.

Сауда және интергеация министрлігінің ресми сайтының хабарлауынша, 17-21 тамыз аралығында ҚХР Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші қаласында "Қытай - Еуразия": тауарлар және сауда" халықаралық көрмесі өтеді. Көрме орталығында 40 қазақстандық тауар өндірушінің өнімдері ұсынылған.

Көрменің ашылу салтанатына сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қатысты.

ЭКСПО халықаралық көрмесінің ашылуында ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы ШҰАР Ма Синьхуэй сөз сөйледі. Ол арнайы курс Қытайдың Батыс және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың ашықтығына арналғанын атап өтті.

Вице-премьер Серік Жұманғарин өз сөзінде Қытай нарығының қазақстандық өнімдерге басымдылығын жеткізді.

"Қазақстан мен Қытайды ортақ тарих, ата-бабаларымыздан қалған тарихи қауымдастық біріктіреді. Бұл бейбітшілік, көршілік, сауда, мәдени байланыстар алмасу жолы болды. Ал біз, осынау ұлан-ғайыр істі бастаған халықтың ұрпақтары оны абыроймен жалғастырып, жаңа ұрпаққа жеткізуіміз керек", - деді ол.

Министрлік мәліметінше, бүгінде қазақстандық аграрлық ведомство Қытайға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тағы 11 түрін экспорттауға ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу мүмкіндігін пысықтауда. Бұл картоп, қызылша целлюлозасы, рапс, сұлы мен жарма, бие сүті, құс еті және құс өнімдері, жылқы еті, салқындатылған сиыр еті, қой еті және шошқа еті.

2023 жылдың мамыр айынан бастап Сиань қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығының базасында қазақстандық өнімдердің шоу-румы жұмыс істейді. Мұнда 25 компанияның тауарлары ұсынылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033225-sizderdiki-damdirek-suaa-partkom-xatsysy-ma-sinzui-qazaqstandyq-balmuzdaqtyn-sapasyna-tangaldy/

pixel