Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Опубликовано:

Ыдырысов Алмаз бен Рыспеков Дастан
Ыдырысов Алмаз бен Рыспеков Дастан. Фото: facebook.com/ulytau.gov.kz

Бүгін, 21 тамызда Ұлытау облысы әкімінің жаңа екі орынбасары тағайындалды. Олар - Алмаз Ыдырысов пен Дастан Рыспеков. Бұл туралы облыс әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Рыспеков Дастан Адайұлы 1984 жылы Жезқазған қаласы, Қарағанды облысында дүниеге келген.

2006 жылдан бастап Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

2015 жылдың қазан айынан бастап Республика бюджетін атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде талдау және есептілік бөлімі жоспарлау және мониторинг жүргізу секторының менгерушісі болды.

2016 жылдың маусым айынан бастап "Астана экспо-2017" Ұлттық компаниясында түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Ыдырысов Алмаз Серікболұлы 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2003 жылдан бастап Астана қаласы "Казавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2006 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

2014 жылдың мамыр айынан бастап Астана қаласы "Казавтожол" Акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары болды.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

2022 жылдың маусым айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі болып қызмет етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033286-ulytau-oblysy-akiminin-orynbasarlary-tagaiyndaldy/

pixel