Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу қашан басталады

Опубликовано:

шенеунік
Шенеунік. Көрнекі фото: pixabay.com

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Думан Әбілевтың айтуынша, президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 қыркүйекте басталады.

Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Думан Әбілев
Думан Әбілев. Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Думан Әбілевтің сөзінше, үшінші іріктеудің ерекшелігі мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, мақсатты іріктеу жүргізу болмақ. Осылайша кезекті іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады:

  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

Сондай-ақ биыл үміткерлермен әңгімелесуді міндетті түрде салалық орталық органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу тәжірибесі енгізілуде.

Айта кетейік, 2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 265-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни олардың жалпы санының 76 пайызы жұмысқа орналастырылған.

Олардың ішінде 125 адам орталық мемлекеттік органдарда, 35 адам жергілікті атқарушы органдарда, 57 адам ұлттық компанияларда, 49 адам өзге де ұйымдарда қызмет атқаруда. Сонымен қатар олардың қатарында 31 резервші саяси лауазымдарға, 6 резервші "А" корпусының лауазымдарына тағайындалса, бір резервист мәжіліс парламенті және екі резервист мәслихат депутаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033307-prezidenttik-zastar-kadrlyq-rezervine-kezekti-irikteu-qasan-bastalady/

pixel