Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Шолпан Каринова
Шолпан Каринова. Фото: primeminister.kz

Партия төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен Шолпан Каринова AMANAT партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы AMANAT партиясы ресми сайтында хабарлады.

"AMANAT әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге белсенді араласуын кеңейту бағытында жүйелі жұмыс істеп жатыр. Бұл – партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақтардың бірі. Биыл ақпандағы AMANAT әйелдер форумында айтылған бастаманың жалғасы ретінде партия хатшысы лауазымына Шолпан Каринова тағайындалды", – делінген хабарламада.

Шолпан Каринова 1972 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының түлегі. 2016 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметпен, 1998-2003 жылы мектептерде және Көкшетау медициналық колледжінде педагогикалық қызметпен айналысқан.

2004-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы №5 орта мектептің директоры болған.

2005-2012 жылдары Тайынша ауданында білім бөлімінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2013 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары.

2013-2017 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы.

2017-2018 жылдары – Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2019-2022 жылдары – Білім және ғылым вице-министрі болған.

2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы маусымға дейін Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033397-buryngy-oqu-agartu-vice-ministri-solpan-karinova-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel