Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен кінәлімін, егер осыны естігіңіз келсе": Ноғаев Ақтаудағы су тапшылығына қатысты жауап берді (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Ноғаев пен Асхат Ниязов
Нұрлан Ноғаев пен Асхат Ниязов. Видеодан кадр: youtube.com/@obozhau

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев журналист Асхат Ниязовқа сұхбат берді. Атап айтқанда, әкім Ақтаудағы су тапшылығына қатысты сұрақтарға жауап берген.

YouTube желісіндегі "Обожаю" арнасында журналист Асхат Ниязовтың облыс әкімімен сұхбаты жарияланды.

Жүргізуші әкімнен қаланың дамып, кеңейіп жатқанымен, сумен қамту жағдайының неге мұндай күйге жеткенін сұрады.

"Дұрыс айтасыз, жалпы қала құрылысының ережелері ресурстардың жылдам қарқынмен дамуын талап етеді. Өкінішке қарай, біздегі жағдай осындай болды. (...) Кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. Біз бәріміз кінәліміз, қазіргі кезде облыстағы су тапшылығына мен кінәлімін, өйткені мен тұрғындардың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмаймын, егер осыны естігіңіз келсе... Кезінде сәтсіздік те, көптеген фактор да болды. Ал мынау кінәлі деп, олай айтуға болмайды", - деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар сұхбатта Каспий теңізінің таяздануы мен Ақтау қаласының қарқынды құрылысы туралы тақырыптар қозғалды.

Lada.kz басылымының жазуынша, YouTube арнасының авторы, журналист Асхат Ниязов қарапайым қазақстандықтардың қалай өмір сүріп жатқаны және қандай қиындықтарға тап болғаны туралы әңгімелейтін сюжеттер түсіреді. Жүргізуші арнасында қазақстандықтардың әңгімелерін шенеуніктерге жеткізіп, олардан жауап алуға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033562-men-kinalimin-eger-osyny-estiginiz-kelse-nogaev-aqtaudagy-su-tapsylygyna-qatysty-zauap-berdi-video/

pixel