Тоқаев ертең БРИКС саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады
Жарияланған күні:
24 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметі Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының "БРИКС плюс" диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады.
"Жиында мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033576-toqaev-erten-briks-sammitine-beinebailanys-arqyly-qatysady/