Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Үндістанның премьер-министрін ғарыш аппаратының сәтті қонуымен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15-ші БРИКС саммиті аясында өтіп жатқан мемлекеттер басшыларының "БРИКС Плюс" диалогы отырысында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысы бүгінгі саммит БРИКС-тің рөлін елеулі түрде күшейтіп, ашық диалог пен өзара түсіністік негізінде жаһандағы көптеген өзекті мәселені шешуге көмектесе алатынын атап өтті.

"Бұл саммит халықаралық аренадағы жағдай шиеленіскен кезеңде өтіп жатыр. Оның сипаттары саяси қысым жасаудан, конфронтациядан және жаппай санкция салудан көрінеді.

Сондықтан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде өңіраралық ынтымақтастықтың перспективасы мен ортақ мүдделері туралы көзқарасымызды жеткізгім келеді

Осы мүмкіндікті пайдаланып, Үндістанның премьер-министрі Модиді Айдың Оңтүстік полюсіне таяу жерге үндістандық ғарыш аппаратының сәтті қонуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – тарихи уақиға", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар президент климаттың өзгеруі туралы, соңғы бірнеше жылда Жаһандық Оңтүстік және Орталық Азия елдерінде өте қатты қуаншылық белең алып, басқа да табиғат апаттар жиілеп кеткені туралы айтты.

"Осыған орай Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды "Экология жылы" деп жариялауды ұсынып, осы өзекті проблеманы шешу жолындағы ортақ күш-жігерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді

ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары – уақтылы көтерілген бастама. Бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін", - деді ол.

Мемлекет басшысы Қазақстан қатысушы мемлекет ретінде БРИКС әлеуетін арттыруға үлес қосқысы келетінін жеткізді.

"Оңтүстік Африка Республикасы төрағалығы аясындағы "БРИКС және Африка" ұранына сай, Қазақстан да БРИКС елдерімен және Африка одағымен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады. Мен жаһандық қауіпсіздікті, орнықты дамуды және инклюзивтілікті қамтамасыз етуге бағытталған ұжымдық күш-жігерді арттыру қажет екеніне сенімдімін", - деп аяқтады саммиттегі сөзін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033848-toqaev-undistannyn-premer-ministrin-garys-apparatynyn-satti-qonuymen-quttyqtady/

pixel