Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның Беларусь пен Вьетнамдағы елшілерін тағайындады

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Ерлан Байжанов Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ол Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Қанат Тумыш Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар президент жарлығымен Асқар Бейсенбаев Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034000-toqaev-qazaqstannyn-belarus-pen-vetnamdagy-elsilerin-tagaiyndady/

pixel