Тоқаев пен Рахмон Астана қаласының бас мешітіне барды (видео)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елорданың бас мешітіне барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін мәдениет күндері аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келетіні туралы жазған едік.
Кеше, 25 тамыз күні жұмыс сапарымен елордаға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізген болатын.
Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын және биыл 6 айда тауар айналымы 500 миллион доллардан асқанын мәлімдеді.
Оған қоса мемлекет басшысы Қазақстанға су мен электр энергиясын жеткізгені үшін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға алғысын білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034097-toqaev-pen-raxmon-astana-qalasynyn-bas-mesitine-bardy/