jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тәжікстан президентінің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды (видео)

    Тәжікстан президентінің жеке ұшағы
    Тәжікстан президентінің жеке ұшағы. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жұмыс сапары аяқталған Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жұмыс сапары аяқталған Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, бұған дейін мәдениет күндері аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келетіні туралы жазған едік.

    Кеше, 25 тамызда жұмыс сапарымен елордаға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізген болатын.

    Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын және биыл 6 айда тауар айналымы 500 миллион доллардан асқанын мәлімдеді.

    Оған қоса мемлекет басшысы Қазақстанға су мен электр энергиясын жеткізгені үшін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға алғысын білдірді.

    Сондай-ақ бүгін, сенбі күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елорданың бас мешітіне барған болатын.

    Ақордада Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілегені атап өтілді.

    Қос президент Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысқан.

    Тәжікстан президентінің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.