Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каникул аяқталуда: парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетін күн белгілі болды

Опубликовано:

Сенатордың жұмыс орны
Сенатордың жұмыс орны. Көрнекі фото: instagram.com/senate_kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Өкімге сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өтеді.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", – делінген өкім мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусымда өтіп, онда сегізінші сайланған парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылған еді.

Осылайша, парламент депутаттары каникулға шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034232-1-qyrkuiekte-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysy-otedi/

pixel