Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованың есебін тыңдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқев Жоғары аудиторлық палатаның биылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған қызметі жөнінде есепті тыңдаған.
Наталья Годунованың айтуынша, есептік кезеңде барлығы 9,3 триллион теңге бюджет қаржысы бойынша 121 нысанда 12 аудиторлық тексеріс жүргізілген.
Сонымен қатар ол мемлекет басшысына Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұйымдарға, сондай-ақ "Қазсушар" РМК-ға және тағы да басқа мекемелерге жүргізілген жекелеген аудиторлық тексерістердің қорытындысы жөнінде мәлімет берген.
Кездесу соңында президент Жоғары аудиторлық палата төрағасына бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне аудит жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034246-zogary-auditorlyq-palata-toragasy-natalya-godunova-toqaevqa-esep-berdi/