Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы ауысты
Жарияланған күні:
Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шымкент ПД жаңа басшысын мегаполис активіне таныстырды.
Ведомство дерегінше, Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтерде болған.
Бұған дейін соңғы рет Ақмола облысы полиция департаменті бастығының қызметін атқарған.
Сондай-ақ бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқаратын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034436-symkent-qalasy-policiya-departamentinin-bassysy-auysty/