Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ТехноГруппСервис" Ұлытау облысына инвестиция құяды

Опубликовано:

Қаженова Гүлмира және «ТехноГруппСервисс» ЖШС-і  мен SINOHYDRO Engineering Bureau 4 (Lanzhou) Machinery and Equipment Co Ltd өкілдері
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлытау облысы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының төрағасы Гүлмира Қаженова "ТехноГруппСервис" ЖШС және SINOHYDRO Engineering Bureau 4 (Lanzhou) Machinery and Equipment Co Ltd компанияларының өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Жезқазған қаласындағы өндіріс аумағында жел электр стансалары мұнараларының металл конструкцияларын өндіретін зауыт құрылысының жобаларын іске асыру мәселелері және Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында қуаты 1 ГВт жел электр стансасын салу жобасы талқыланды.

"ТехноГруппСервис" ЖШС жаңартылатын энергия яғни, күн жарығы, жел, су, су толқыны, геотермиялық жылу секілді сарқылмас, қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан энергия көзін алумен айналысатын отандық компания. Бұл компания – жасыл энергетика саласында президенттік "Алтын сапа" сыйлығының алғашқы лауреаты. Олар Жезқазған қаласының оңтүстік бөлігіне жел электр стансалары мұнараларының металл конструкцияларын өндіретін зауыт құрылысын 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырмақшы.

«ТехноГруппСервисс» ЖШС-і  мен SINOHYDRO Engineering Bureau 4 (Lanzhou) Machinery and Equipment Co Ltd өкілдері
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Зауыт жылына 100 мұнараға дейін орнатуға қауқарлы. Жоба құны 25 000 000 АҚШ долларын құрайды. Зауыт құрылысы аяқталғаннан кейін 230 адамды жұмыспен қамтитын болады.

Құрылғы ені 3500 мм, қалыңдығы 100 мм-ге дейін және диаметрі 6 м-ге дейін металл иілу станогтан, автоматты және жартылай автоматты дәнекерлеу жабдығынан және лазерлік плазмалық кескіштен, токарлық-бұрғылау станоктарынан, сонымен қатар, диаметрі 6 метрге дейінгі карусельді фрезерлеу станоктарынан, 30 тоннадан 200 тоннаға дейінгі жүк көтергіш механизмдерінен, метал құрылғыларды бояуға арналған цехтан тұрады.

Зауыт құжаттары дайын болысымен инвесторлар Ұлытау облысындағы жұмыстарын бастайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034461-texnogruppservis-ulytau-oblysyna-investiciya-quyady/

pixel