Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғарғы билеушісіне құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сұлтан II Абдулла
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сұлтан II Абдулла. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай Малайзияның Жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, бүгін президент Қырғызстан президентін және халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034627-memleket-bassysy-malaiziyanyn-zogargy-bileusisine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel