БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Жарияланған күні:
Қалияр Айтмұхамбетов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы БҚО әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
"Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы тағайындалды", – делінген хабарламада.
Қалияр Айтмұхамбетов 1969 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "ғалым- агроном", "заң ғылымдары" мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозында жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары:
- Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозы директорының жастармен жұмыс жөніндегі орынбасары, №2 Шоқтыбай бөлімшесінің агрономы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;
- Шыңғырлау ауданы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Осы тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі болған.
Қалияр Айтмұхамбетов жаңа қызметінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034737-bqo-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/