Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжілісмен Ғалымжан Елеуов депутаттар каникулының соңғы күнінде өкілеттігін тоқтатты

Опубликовано:

Ғалымжан Елеуов
Ғалымжан Елеуов. Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов каникулдың ең соңғы күнінде өкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы Орталық сайлау комиссясының ресми сайты хабарлайды.

ОСК мәліметінше, парламент мәжілісінің депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуовтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтаған.

Ғалымжан Елеуов 1978 жылы 10 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Медицина және заң саласындағы жоғары білім бар.

Медицина ғылымдарының кандидаты. Оның 17 ғылыми еңбегі Қазақстан, Ресей, Украина және Еуропаның бірнеше мемлекетінде жарияланған.

Өкілеттігі тоқтағанға дейін экономикалық реформалар туралы комитет мүшесі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034746-mazilismen-galymzan-eleuov-deputattar-kanikulynyn-songy-kuninde-okilettigin-toqtatty/

pixel