Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мұғалімдер мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Республикамыздағы барлық мектеп миллиондаған шәкіртке есігін айқара ашады. Өскелең ұрпақ – еліміздің ертеңі! Мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайды.

"Мектептің жаны – мұғалім" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз.

Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін! Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін! Білім күні құтты болсын!", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылында 36 апталық оқу мерзімі қайтадан 34 апталық оқу мерзіміне ауыстырылып отыр. Осылайша, елімізде соңғы қоңырау бұрынғыдай 25 мамырда соғылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034776-toqaev-ustazdar-men-oqusylardy-bilim-kunimen-quttyqtady/

pixel