Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру

Опубликовано:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: t.me/aqorda_resmi

Ел президенті Қасым-Жомарт бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында ел экономикасының құрылымын реформалау қажет екенін айтты. Президенттің сөзінше, экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Енді экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталайын. Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет.

Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда.

Бұл ретте металды терең өңдеу мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек», - деді ол XVIII шақырылымдағы парламенттің екінші сессиясының ашылуында.

Материал толықтырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034779-toqaev-qazirgi-en-basty-mindet-elimizdin-myqty-onerkasiptik-negizin-qalyptastyru/

pixel