Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Онсыз болмайды": Тоқаев алдағы үш жыл ішінде орындалуы керек нақты міндетті атады

Опубликовано:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: t.me/aqorda_resmi

Ел президенті Қасым-Жомарт бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында ауыл шаруашылығы саласында серпіліс жасауда нақты міндетті атады. Президенттің сөзінше, Қазақстанның бұл салада әлеуеті жоғары, бірақ қолда бар мүмкіндіктер әлі толық пайдаланбай келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент Еуразия құрлығында басты аграрлық орталыққа айналуды Қазақстанның стратегиялық мақсаты деп атады.

"Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы.

Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады.

Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек", - дейді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ президент елдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін атап өтіп, қандай бағыттарға басымдық беру керегіне назар аудартты.

"Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі.

Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034782-onsyz-bolmaidy-toqaev-aldagy-us-zyl-isinde-oryndaluy-kerek-naqty-mindetti-atady/

pixel