Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды пайдалану қажет

Опубликовано:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: t.me/aqorda_resmi

Ел президенті Қасым-Жомарт бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшу туралы айтты. Президенттің сөзінше, ол үшін барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет. Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз.

Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек.

Сонымен бірге реттелетін сатып алу кезіндегі өз тауарларымыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет. Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк келісім-шарттардың үлесін кемінде 10 пайызға жеткізу керек. Бұл – жыл сайын 2 триллион теңге деген сөз", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034786-toqaev-zumysqa-ozimizdin-sikizatty-tauarlar-men-kadrlardy-paidalanu-qazet/

pixel