Тоқаев Өзбекстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Шавкат Мирзиеевті және Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаған.
"Біздің халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін.
Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034787-toqaev-ozbekstan-prezidentine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/