Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: "Отбасы банктің" қызметін қайта қарау керек

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында "Отбасы банктің" қызметін қайта қарау керектігін, басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аудару керектігін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне және бизнестің нақты түріне қарай жіктеу маңызды екеннін айтты.

"Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды. Сондықтан "Бәйтерек" холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар президент экспортты ұлғайтуға айрықша мән беру керектігін атап өтті.

"Оның әдіс-тәсілдері болғанымен, жүйелі ұстаным жоқ. Осы орайда KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет берілуге тиіс. Бұдан бөлек, "Отбасы банктің" қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аударған жөн", - деді президент.

Мемлекет басшысы бәсекелестік дамымаса, бизнес те өркендемейтінін айтты.

"Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034845-toqaev-otbasy-banktin-qyzmetin-qaita-qarau-kerek/

pixel