Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа министрлік құрылады

Опубликовано:

кеңсе
Кеңсе. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент Жолдауында су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі екенін, әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұрғанын атап өтті.

"Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керектігін айтты. Президенттің сөзінше, су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет.

"Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын жоғары тарифпен төлеуі керек. Бір сөзбен айтсақ, суды барынша үнемдеуіміз қажет. Оған қоса судың "көлеңкелі" нарығы түбірімен жойылуға тиіс. Халқымыз "Судың да сұрауы бар" деп бекер айтпаған. Су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді.

Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034849-toqaev-su-resurstary-zane-irrigaciya-ministrligi-qurylady/

pixel