Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Көлік министрлігін қайта құруды ұсынды

Опубликовано:

Жүк көлігі
Жүк көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Көлік министрлігін қайта құру қажеттігін мәлімдеді. Президенттің сөзінше, алдағы үш жылда ЖІӨ-дегі көлік-логистика секторының үлесі кемінде 9 пайызға жетуі тиіс, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет", - дейді президент.

Президенттің айтуынша, үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс.

"Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады", - дейді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034852-toqaev-kolik-ministrligin-qaita-qurudy-usyndy/

pixel