Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент жергілікті бюджетті басқару құқығын аудан әкімдеріне беруді ұсынды

Жарияланған күні:

Ақша купюралары
Ақша купюралары: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы өңірлердегі бюджетті жоспарлау механизмін өзгерту қажет екенін айтты. Ол жергілікті бюджетті басқару құқығын аудан әкімдеріне тапсыруды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бюджетті тиімді басқару мәселелеріне тоқталды. Айтуынша, жергілікті бюджетті басқару құқығын аудан әкімдеріне тапсырған жөн.

"Сонымен қатар аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санаймын. Бұл, ең алдымен, сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет. Бұдан бөлек, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек.

Бұл шара бизнестің дамуына үлкен серпіліс әкелмек. Ұсынылып отырған бастама өте маңызды. Келешекте аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді. Сол себепті барлық әкім бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімділігі туралы ойлауы керек", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034857-prezident-zergilikti-byudzetti-basqaru-quqygyn-audan-akimderine-berudi-usyndy/