"Самұрық-Қазына" қорының бейінді емес активтерінің бәрі жекеменшікке және халықтық ІРО-ға өтеді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында "Самұрық-Қазына" қорының бейінді емес активтерінің бәрі жекеменшікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек деп мәлімдеді. Президенттің сөзінше, мұндағы басты мақсат активтерді басқару ісінің ашықтығын барынша арттыру, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. "Самұрық-Қазына" қорының бейінді емес активтерінің бәрі жекеменшікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек.
Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. QazaqGaz кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс", - дейді президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034870-samuryq-qazyna-qorynyn-beiindi-emes-aktivterinin-bari-zeke-mensikke-zane-xalyqtyq-iro-ga-otedi/