jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев: Тұрғындар енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреді

    Бюллетень салып жатқан ер адам
    Сайдауда дауыс берген ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ел тұрғындары енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің айтуынша, аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру маңызды.

    "Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз", - дейді мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылатынын атап өтті.

    "Сондай-ақ тапсырмалардың орындалуын бақылау және бағалау жұмысын да қайта қарауымыз керек. Бұл – жұртшылықтың сұранысы. Басқаша айтқанда, қазір қоғамда жаңа әдіс-тәсілдерге, жаңа идеяларға, жаңа кадрларға деген сұраныс аса жоғары. Сондықтан саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылады, соның арқасында "қосымша кадрлар тобы" қалыптасады", - дейді президент.

    Мемлекет басшысының сөзінше, қазір кадр тапшылығы өзекті мәселе болып тұрған кезде мұндай қадам өте маңызды.

    "Жоғары лауазымға ие болғысы келетіндер көп, бірақ олардың біліктілігі тиісті талапқа сай келмейді. Демек, кадр мәселесін міндетті түрде қолға алуымыз керек, сапалы мамандар тәрбиелеу қажет. Бұл ретте саяси партиялардың кадрлық әлеуетін де пайдаланған жөн", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.