jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Президент әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

    Костюм киген ер адам
    Костюм киген ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Осы құжатқа сәйкес Президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

    • Президент әкімшілігінің басшысы;
    • ️Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
    • ️Президент кеңсесінің бастығы;
    • ️Президенттің көмекшілері;
    • ️Президенттің кеңесшілері;
    • ️Президент әкімшілігінің бөлімдері.

    Жарлыққа сәйкес мынадай мәселелер бойынша президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі:

    • ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
    • экономикалық мәселелер бойынша;
    • халықаралық мәселелер бойынша;
    • құқықтық мәселелер бойынша;
    • ғылым және инновация мәселелері бойынша.

    Сондай-ақ Ақорда Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылатынын және Президент әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарғанын атап өтті.

    Президент әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.