Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың үш жаңа көмекшісі тағайындалды

Опубликовано:

Костюм киген ер адам
Костюм киген ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысының жарлығымен президенттің үш жаңа көмекшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

  • Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
  • Ержан Хозеұлы Қазыхан – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі;
  • Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасаған болатын.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Президент әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірнеше шенеунік лауазымынан босатылғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034924-toqaevtyn-us-zana-komeksisi-tagaiynaldy/

pixel