Серік Жұманғарин премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ақорда" Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп хабарлады "Ақорданың" баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Серік Мақашұлы осыған дейін сауда және интеграция министрі қызметін атқарған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034990-serik-zumangarin-premer-ministrinin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.