Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Во Ван Тхыонгты және Вьетнам халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Ақорда" баспасөз қызметі.
"Біз шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген Вьетнам Социалистік Республикасымен арадағы конструктивті серіктестікті жоғары бағалаймыз. Жуырда Ханойда Қазақстан-Вьетнам қатынастарының барлық бағыты бойынша өткен ашық әрі мазмұнды талқылауларымызды ерекше еске аламын", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, Вьетнам басшысының игі бастамаларына табыс тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035010-qasym-zomart-toqaev-vetnam-prezidentine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/