Ауыл шаруашылығы министрі болып Айдарбек Сапаров тағайындалды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылғанын хабарлады.
Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1984 жылы совхоздың бухгалтері болып бастаған.
Әр жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінде, аудан, облыс әкімдігінде түрлі қызметтер атқарған.
"Құрмет" орденімен, "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035141-auyl-saruasylygy-ministri-bolyp-aidarbek-saparov-tagaiyndaldy/