Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жаңадан тағайындалған Сауда және интеграция министрін қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Арман Шаққалиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Арман Шаққалиев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтты.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035160-toqaev-sauda-zane-integraciya-ministri-arman-saqqalievke-birqatar-tapsyrma-berdi/

pixel