Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ержан Иманзаипов
Ержан Иманзаипов. Фото: instagram.com/yerzhan_imanzaipov

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен босатылды. Тиісті құжатқа Павлодар облысының әкімі қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың өкімімен "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 9) тармақшасы, "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі №290 жарлығына сай Ержан Бейбітұлы Иманзаипов Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды", - деп хабардар етті Павлодар облысының әкімдігінен.

Ведомство Павлодар қаласы әкімінің міндеттері қала әкімінің орынбасары Қадиша Қабылдақызы Беготаеваға жүктелгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын.

Ержан Иманзаипов Павлодар қаласының әкімі болып, 2022 жылдың желтоқсан айының соңында тағайындалған еді. Оған дейін қала әкімінің аппаратын басқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035176-pavlodar-qalasynyn-akimi-qyzmetinen-bosatyldy/