Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Қанат Шарлапаев
Қанат Шарлапаев. Фото: baiterek.gov.kz

Қанат Шарлапаев еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қанат Шарлапаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның басқарма төрағасы болған еді.

"Бәйтерек" холдингінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастаған.

2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, "Сити" инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеген.

2008-2014 жылдары – "Сити" инвестбанк акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2014-2015 жылдары – "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары – Ситибанк Қазақстанның бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары – Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.

2020-2022 жылдары – "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметтерін атқарған.

2022 жылғы 2 ақпанда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035205-qanat-sarlapaev-onerkasip-zane-qurylys-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel