Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек тағы бір лауазымға ие болды

Опубликовано:

Жеңіс Қасымбек
Жеңіс Қасымбек: t.me/KZgovernment

Астана қаласының әкІмі Жеңіс Қасымбек жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Даниал Ахметов Instagram парақшасында хабарлады.

"Бүгін Астана қаласы жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті. Конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды", - деп хабарлады осыған дейін жеңіл атлетика федерациясының президенті болған Даниал Ахметов.

Бұдан бөлек, жиын барысында қаладағы жеңіл атлетиканы дамыту, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланған.

Жиынға қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері де қатысқан.

Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Даниал Ахметов федерацияның президенті болып 2018 жылы сайланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035211-astana-qalasynyn-akimi-zenis-qasymbek-tagy-bir-lauazymga-ie-boldy/

pixel